Лента новостей
0

Қазақстанда декларация тапсыру жолымен 841,1 млрд теңге жария етілді - Қаржы министрлігі

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.06.2016 21:29 Zakon.kz
Ағымдағы күнге барлығы 1 754,3 млрд теңге сомасында 89 697 өтініш (декларациялар) түсті, оның ішінде жария етілгені 1 508,2 млрд теңге, деп хабарлайды Қазақстанның Қаржы министрлігі.

Мүліктерді жария ету жөніндегі ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 892,6 млрд теңге құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі үшін 88 412 өтініш (декларация) түсті. Оның ішінде сомасы 663 млрд теңгеге 73 546 тұрғын үй объектісі; сомасы 217,5 млрд теңгеге 38 395 тұрғын үй емес объекті; сомасы 6,6 млрд теңгеге заңды тұлғалардың 37 қатысу үлесі. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

«83 658 объект, бағалы қағаздар және ақша сомасы 665,3 млрд теңгеге жария етілді», - делінген Қаржы министрлігінің хабарламасында.

Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 1 909 млн теңге құрайтын 74 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша өтініш (декларация) келіп түсті. Оның ішінде сомасы 1 294,9 млн теңгені құрайтын 63 тұрғын үй объектісі; сомасы 13,3 млн теңгені құрайтын 4 тұрғын үй емес объекті; сомасы 15,5 млн теңгені құрайтын 8 заңды тұлғалардың қатысу үлесі; 585,4 млн теңге сомасында бағалы қағаздар. Осылайша, сомасы 1 855 млн теңгеге 71 объект және бағалы қағаздар жария етілді.

ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің ағымдағы жылдың 27 мамырына жағдайы бойынша жалпы сомасы 881,4 млрд теңге ақшаны жария етуге 1 255 жинақ шот ашылды, (соның ішінде ішінде шоттан шешілгені 853,3 млрд теңге) соның ішінде: заңнамаға өзгерістер енгізгенге дейін 80,9 млрд теңгеге 2015 жылы 30 қарашаға дейін 179 жинақ шотын ашу арқылы; 21,6 млрд теңге әлі жария етілмеді.

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органына шот ашпау арқылы ақшаны жария ету бойынша 984,1 млн теңге көлемінде 17 декларация түсті. 841,1 млрд теңге сомасында ақша жария етілді, соның ішінде: 2015 жылы 30 қарашаға дейін 80,9 млрд теңге;

989 декларация бойынша 760,2 млрд теңге.

«2016 жылғы 30 мамырға сәйкес 1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110 коды бойынша бюджетке іс жүзінде 3,4 млрд теңге түсті, оның 2,9 млрд теңге қайтарылған (ескі Заң ережесі бойынша мерзімнен бұрын түсірілген жария етілген ақша (3,1 млрд теңге - қайтарымға жатады)», - деп мәлімдеді министрлікте.

Фото:ipshnik.com

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: