Алматы облысында екі бала өз үйлерінде су құйылған ыдыстарда суға батты
Алматы облысында екі бала өз үйлерінде су құйылған ыдыстарда суға батты, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары АА, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.
"Ата-аналарға балаларыңыздың өміріне абай болыңыздар деп айтқым кеп отыр.Өткен аптада Алматы облысында екі қайғылы оқиға орын алды. Екі бала өз үйлерінің ауласындағы су құйылған ыдыстарда суға батты. Бұл нені білдіреді? Менің ойымша, бұл ретте ата-аналардың немқұрайлылығын байқауға болады", — деді Иманқұлов орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Оның мәліметінше, жыл сайын еліміз бойынша су қоймаларында 100-ге жуық бала қайғылы оқиғаға тап болады.
"Ағымдағы жылдың басынан бері республика бойынша 20-дан астам бала суға батты. Барлық осындай оқиғалардың басты себебі, әрине, балаларды қараусыз қалдыру",- деп атап айтты ресми өкіл.
Фото:vt-inform.ru