Балқаш тұрғыны өз баласын 30 мың теңгеге сатпақшы болды
Полиция өзінің 2 жасар баласын 30 мың теңгеге сатпақшы болған 22 жасар Балқаш тұрғынын ұстады, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтар АА-ға Қарағанды ІІД баспасөз хатшысы Бахытжан Құдияров.
"Қарағанды облысы ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес қызметкерлері 22 жасар ананың баланы сату дерегінің алдын алды", — деді Құдияров.
Оның мәліметінше, 31 мамырда ҰҚКБ-ге 22 жасар ананың 2 жасар баланы ақшалай сыйақыға сатпақшы болып жатқаны туралы мәлімет түскен.
"Жедел іш-шаралар жүргізу нәтижесінде жалпы сомасы 30 мың теңге болатын ақшаны беру кезінде қаланың тұрғыны анықталып, ұсталды", — деп хабарлады полиция өкілі.
ҚР ҚК 135 бабы 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Фото: today.kz