Лента новостей
0

Қазақстанда АББ-ын енгізу арқылы аурулардың асқынуы мен өлім-жітім 10%-ға төмендейді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.06.2016 20:37 Zakon.kz
Пилоттық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде пациенттердің 75%-ында артериалдық гипертензия деңгейінің көрсеткіші тұрақталып, артериалдық қысымды бақылау қалыптасуы байқалды.

Қазақстанда Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу (АББ) аурулардың асқынуы мен өлім-жітім көрсеткішін 10%-ға төмендетуге мүмкіндік береді, деп мәлімдеді бүгін ҚР ДСӘДМ брифингінде Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы бас директорының м.а. Тілеухан Әбілдаев. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

«Пилоттық аймақтардағы АББ-ны енгізудің тиімді тәжірибесін ескере отырып, АББ-ны жүзеге асыру биылғы жылы Астана, Алматы қалаларының, БҚО, Қарағанды және Қостанай облыстарының емханаларында жүзеге асырылатын болады. Жалпы алғанда, 3200-ден астам адамды қамту жоспарланып отыр. Бағдарламаны енгізу нәтижесінде аурулардың асқынуы мен өлім-жітім көрсеткішін 10%-ға төмендету, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарындағы жүктемені азайту, стационарлық және жедел медициналық көмекке зәрулікті төмендету күтіледі», - деп хабарлады Тілеухан Әбілдаев.

Ол сөз басында әлемдік статистикаға сәйкес созылмалы жұқпалы аурулар дүние жүзі тұрғындарының денсаулығына, оның ішінде Қазақстан азаматтарына да зор қауіп туындататынын атап айтты. Олар уақытынан бұрын болатын өлім-жітімге себеп болып, мүгедектікке, толыққанды өмір сүру ұзақтығына айтарлықтай әсер етеді.

Аталған қауіп-қатерлерді төмендету үшін әлемнің 30-дан астам елдерінде медициналық көмек көрсетудің профилактикалық және жүйелі тәртібіне негізделген АББ енгізілуде.

Қазақстанда АББ 2013 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарындағы 7 емханада үш нозология бойынша жүзеге асырылуда: артериалдық гипертензия, созылмалы жүрек кемістігі және қант диабеті.

«АББ-ның 1213 қатысушыларымен келісім жасалып, пациенттер жүргізетін өзін өзі бақылау күнделіктері берілді. Келісімге сәйкес, медициналық ұйымдар АББ қатысушысы-пациентпен үнемі байланыста бола отырып, пациентке динамикалық бақылау жасайтын мультидисциплинарлық командаларды құрады. Емханалар жанында пациенттерді өзіне өзі көмек көрсету қағидаларына, өз денсаулығына дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрететін, салауатты өмір салты мен өздігінен білім алу бойынша ақпараттық материалдармен қамтамасыз ететін денсаулық мектептері жұмыс істейді», - деп мәлімдеді ДСӘДМ-де.

Осылайша, бағдарлама пациенттермен қатар медициналық қызметкерлерге өз ауруларын басқаруға, оның асқынуына жол бермеуге мүмкіндік туғызады.

Пилоттық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде пациенттердің 75%-ында артериалдық гипертензия деңгейінің көрсеткіші тұрақталып, артериалдық қысымды бақылау және гипотензивті препараттарды тұрақты тұрде қабылдау машықтарының қалыптасуы байқалды. Созылмалы жүрек кемістігі бар пациенттерді ауруханаға жатқызу жағдайы 2 есеге азайды. Қант диабетін анықтауға тексерілген адамдар саны ұлғайды (СҚО - 64%, Павлодар облысында - 98%-ға дейін). АББ-ның барлық қатысушыларын өзін өзі басқаруға оқыту 100%-ға қамтылғанын атап айту қажет.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі – созылмалы аурумен сырқаттанған пациенттердің өмір сүру жасы мен сапасын арттыру үшін алғашқы медициналық санитариялық көмекті басымдықпен дамыту және жетілдіру компоненті ретінде Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу болып табылады.

Фото: kaztv.kaztrk.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: