Қазақстанда 1,5 трлн теңгеге мүлік жария етілді – Б.Сұлтанов
«Бүгінгі таңда мүлік пен ақшаны заңдастыруға келіп түскен өтініш сомасы 1,7 трлн теңге, оның 1,5 трлн теңгесі заңдастырылды. Сонымен қатар, Қазақстан территориясындағы мүліктің сомасы 666 млрд теңге, ал ҚР сыртындағы мүлік сомасы 1,9 млрд теңге. 892 млрд теңге сомасындағы ақша заңдастырылды», - деді ол бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Қаржы және бюджет жөніндегі комитеттің кеңейтілген отырысында. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.
Оның айтуынша, заңдастырылған 83 мың нысан жылжымайтын мүлік, оның 6 мыңы коммерциялық нысандар.
«2015 жылғы 30 қарашадағы жағдай бойынша 425 млрд теңге жария етілді. 2015 жылғы 30 қарашадағы жағдаймен салыстырғанда қосымша 1,1 трлн теңгеден астам немесе алдындағы 15 айдағыдан 2,7 есе артық жария етілді», - деді ведомство басшысы.
Министр айтып өткендей, заңнамаға түзетулер жария ету барысына жақсы серпін берді.
«Науқан барысында 90 мың азамат құзыретті органдарға өз мүліктерін заңдастыру мәселелесімен хабарласқан. Бұл халық тарапынан үлкен қызығушылық бар екенін көрсетеді», - деп түйіндеді ол.
Фото: ustinka.kz