Лента новостей
0

Сарыағашта шаруалар Ресейге қарбыз экспорттауды бастады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 03.06.2016 19:20 Zakon.kz
Еккен өнімді саудалап, қаржы көзіне айналдыру мәселесі ауданда жақсы жолға қойылған.

Сарыағаш ауданының диқандары алғашқы өнімдерін қыр асыра бастады. Мәселен, аудандағы Бозай ауылдық округінің шаруалары еліміздің солтүстік өңірлерін есептемегенде, таяуда көршілес Ресей мемлекетіне 137,1 тонна қарбыз жөнелтті, деп хабарлайды ОҚО баспасөз қызметі.

Еккен өнімді саудалап, қаржы көзіне айналдыру мәселесі ауданда жақсы жолға қойылған. Ол үшін Сарыағашта логистикалық орталықтар мен темір жол желісі күндіз-түні жұмыс істеп тұр. Бүгінгі күннің өзінде онда қарбыздан басқа ерте пісетін жемістер – өрік, шие, құлпынай, қараөрік пен көкөніс өнімдері сатылымға шыққан. Мұнан бөлек, алдағы он күн көлемінде ерте пісетін картоп, қауын базар сөрелеріне шығады деп жоспарлануда. Айта кетейік, биыл Сарыағаш ауданында 77460 гектар жерге ауыл шаруашылығы өнімдері егілген.

Фото: www.watermelons.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: