Лента новостей
0

Қазақстанда індетті паротитпен сырқаттану 435 есеге азайды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 03.06.2016 20:50 Zakon.kz
Індетті паротитті халық арасында «свинка» деп атайды. Ауру ауа тамшылы жолмен жұғады, сондай-ақ күнделікті тұрмыс бұйымдары, ойыншықтар, жұқпалы ауруға шалдыққан адамның сілекейі арқылы да таралады.

Cоңғы 25 жылда Қазақстанда індетті паротитпен сырқаттану деңгейі 435,9 есеге азайды. 1991 жылы індетті паротиттің 10898 жағдайы тіркеліп, аталған көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 68,84-ті құрады. 2015 жылы 25 жағдай тіркеліп, 100 мың тұрғынға шаққанда 0,14 болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Алматы телеарнасы.

2015 жылдың 11 айында Қазақстанда індетті паротитпен сырқаттанудың көрсеткіші алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге азайып, 100 мың тұрғынға шаққанда 23 жағдай тіркелді (2014 жылдың 11 айында 100 мың тұрғынға шаққанда 36 жағдай).

Індетті паротитті халық арасында «свинка» деп атайды. Ауру ауа тамшылы жолмен жұғады, сондай-ақ күнделікті тұрмыс бұйымдары, ойыншықтар, жұқпалы ауруға шалдыққан адамның сілекейі арқылы да таралады. Ауруға 3 пен 15 жас аралығындағы балалар, сондай-ақ ересектердің де шалдығуы мүмкін.

Ауру әдетте өте ауыр жағдайда басталады. Сырқаттанған адамның жалпы жағдайы нашарлап, тәбеті төмендейді, басы ауырып, қалшылдай бастайды. Балалар ауыздарын ашқанда, шайнағанда ауыру сезілетіндігіне, ауыз қуысындағы құрғақтықтың пайда болуына шағымданады. Құлақ жанындағы сілекей бездері, сонымен қатар, жақ асты және тіл асты бездері жиі зақымданады. Дененің қызуы 5-7 күн бойы сақталады.

Балалар арасында аурудың алдын алудың бірден-бір тәсілі вакцинация болып табылады. Қазіргі таңда құрамында қызамық, қызылша, індетті паротиттің жеңілдетілген вирустары бар «бір түтікшедегі» біріктірілген вакцина жақсы нәтиже көрсетіп жүр.

Фото: www.aif.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: