Лента новостей
0

Ақтөбеде зардап шеккендерге қажетті барлық медициналық көмек көрсетіліп жатыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.06.2016 23:33 Zakon.kz
Астаналық мамандар операция жасауға көмектесіп, пациенттерді әрі қарай емдеу бойынша кеңес берді.

Ақтөбе қаласында болған төтенше жағдайға байланысты зардап шеккен азаматтарға қажетті барлық медициналық көмек көрсетілуде. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады 24.kz арнасы.

5 маусымда экстремистік топтың Ақтөбе қаласындағы «Паллада» және «Пантера» қару-жарақ дүкеніне, сонымен қатар ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының №6655 бөліміне жасаған шабуыл нәтижесінде зардап шеккен адамдар барлық қажетті жедел әрі дәрілік ем қабылдауда. Ауыр жарақаттанған адамдарға 5 маусым күні Астана қаласынан Ақтөбеге құрамында дәрігер-реаниматолог, тамырлар хирургы, нейрохирург, таракалды хирург, жалпы хирург және травматолог дәрігерлері бар Республикалық санитарлық авиация орталығының бригадасы барды.

Астаналық мамандар операция жасауға көмектесіп, пациенттерді әрі қарай емдеу бойынша кеңес берді. Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінгі 15:30-дағы жағдайға сәйкес зардап шеккен адамдардың 19-сы стационарлық ем қабылдауда. Оның ішінде 16 адам жедел медициналық көмек ауруханасына (3 пациенттің жағдайы өте ауыр, 13 пациенттің жағдайы орташа ауыр деңгейде), 3 адам Ақтөбе облыстық ауруханасына жатқызылды (1 пациент өте ауыр жағдайда, 2 пациенттің жағдайы орташа ауыр деңгейде). 15 адам амбулаторлық ем қабылдауда. Пациенттердің жағдайын ҚР ДСӘДМ үнемі бақылауға алды.

Фото: yk-news.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: