Лента новостей
0

Қ.Үсенов мүлкі тәркіленіп, 2 жылға бас бостандығынан айырылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 08.06.2016 18:08 Zakon.kz
Мемлекеттік айыптаушылар Қ.Үсеновтың келтірген шығынның бір бөлігін - 19 млн теңгені өтегенін есепке алған.
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК-да ақша жымқыру ісі бойынша сот қарауы барысында ұлттық компанияның Құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсеновке екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, деп хабарлайды BNews.kz.

«ҚР ҚК 307-бабының 1-бөлімі, 28-бабының 5 бөлімі бойынша, ҚР ҚК 176-бабының 4-бөлімі «б» тармағы бойынша, жалпы екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Үсеновтің қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, екі жылға бас бостандығынан айыра отырып, мемлекеттік органдарда және коммерциялық ұйымдарды басшылық лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырып, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеу тағайындалсын. Сотталушы сот залында қамауға алынсын. Жаза мерзімі 2016 жылдың 8 маусымынан бастап саналсын», – деп оқыды судья үкімді.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Қажымұрат Үсеновке мүлкін тәркілеп белгілі бір лауазымдарды атқаруға және белгілі бір қызмет түрімен айналысуға өмір бойына құқығынан айыра отырып, үш жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған болатын. Мемлекеттік айыптаушылар Қ.Үсеновтың келтірген шығынның бір бөлігін - 19 млн теңгені өтегенін есепке алған.

Фото: lada.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: