Маусым айында Қазақстанда көп қабатты үйлердің терезесінен 5 бала құлады
Балалар түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемелерге жатқызылды. Жалпы, жыл басынан бері көп қабатты үйлерден құлағандығы жөнінде 20 оқиға тіркелді»,-делінген хабарламада.
ТЖ жөніндегі комитет өкілдері аталған қайғылы оқиғалар ата-аналардың тиісті деңгейде балаларын қарамауынан болып отырғанын айтуда. Осы ретте құтқарушылар ата-аналарды сәбилерді жіті назарда ұстап, оларды қараусыз қалдырмауға шақырды.
Құтқарушылар пәтерде кішкентай балалар болған жағдайда терезелерді ашық қалдырмау жайында, терезелердің алдынан жиһаздардың барлық түрлер алып тастау, баланы қараусыз қалдырмау туралы ескерту жасауда. Осыған байланысты ТЖК мамандары терезенің айқара ашылуына жол бермейтін арнайы бекіткіштерді орнату ұсынысын жасап отыр.
Руслан Ғаббасов
Фото: today.kz