Павлодарда рөлге ие бола алмаған жүргізуші су бұрқағына соғылды
Zakon.kz
Мұндай жағдайда жүргізушіге 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе тоғыз айға жүргізу құқығынан айырылады
Павлодарда «Ваз-21140» автокөлігінің 44 жастағы жүргізушісі Естай атындағы қалалық мәдениет сарайына қарсы орналасқан су бұрқағының қоршауына соғылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Фото: today.kz
Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, қауіпсіздік жылдамдығын дұрыс таңдамаған азаматша рөлге ие бола алмай қалған.
- Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендар тіркелмеді. Көлік жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Әдетте, мұндай жағдайда жүргізушіге 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе тоғыз айға жүргізу құқығынан айырылады, - деп жазылған хабарламада.Фото: today.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript