Биыл Алматыда 2127 жол апаты тіркелді
Елімізде жол-көлік оқиғасы 3,3 пайызға төмендеді. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті хабарлайды.
Биылғы бес айда 6038 жол апаты тіркелді, Салдарынан 9045 адам зардап шегіп, 731 адам қайтыс болды. Ал өткен жылдың сәйкес мерзімінде 6758 жол апаты болып, 9384 адам жарақаттанып, 785-і қайтыс болған.
Жол апаты салдарынан 1514 кәмелетке толмаған бала жарақаттанып, 53-і қаза тапқан.
"Статистикаға сүйенсек, оқиғаның 90 пайыздан астамы жол қозғалысы ережелерін бұзатын жүргізушілердің кінәсінен болады. Айта кетейік, тізгіншілердің кінәсінен 6219 жол апаты тіркелген. Оның ішінде 200 алкогольдік және есірткілік мас күйінде болған жүргізушілердің кінәсінен орын алған",- делінген хабарламада.
Жол-көлік оқиғасының 32 пайызы Алматыда орын алған. 2016 жылы алып шаһарда түрлі жарақаттану мен адам өліміне алып келген 2127 жол апаты тіркелген. Апаттылығы аз Солтүстік Қазақстан облысы болып отыр, онда 61 ЖКО орын алған.
Фото:today.kz