Б.Сағынтаев: Террорлық қауіп бізді жаңа шараларды қолға алуға итермелейді
Елордада Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың (ЕАТ) XXIV пленарлы отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz.
Жиында Ақтөбеде болған қанды оқиғаға байланысты бір минут үнсіздік жарияланды.
Пленарлы отырысты ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев ашты.
«Қайырлы күн, ханымдар мен мырзалар! Мен сіздерді Астанада көргеніме өте қуаныштымын. Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ жаңа тарихи қадам жасағалы отыр. Бұл біздің жұмысымыздың маңызды екенін көрсетеді. ЕАТ-ның басты міндеті – сенімділік пен қаржы ұйымдарының қауіпсіздігіне жауап беру, мемлекеттер арасында интеграция орнату, қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды бірге жүргізу. Біздің атқарған жұмысыз трансшекаралық қылмыстардың алдын алуға мүмкіндік береді. Əлемде болған соңғы оқиғалар мен террористік қауіптер бізді жаңа шараларды қолға алуға итермелейді», - деді Б.Сағынтаев.
ЕАТ экономикалық қылмысқа қарсы күрес жəне халықаралық терроризм қаупін азайту үшін біріккен Еуразия кеңістіндегі 9 мемлекет кіреді.
Жиынға ЕАТ (ФАТФ типті аймақтық тобының) төрағасы Юрий Чиханчин,, ЕАТ атқарушы хатшысы Владимир Нечаев, ТМД қатысушы мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшылары кеңесінің атқарушы хатшысы Павел Ливадный қатысуда.
ЕАТ-қа мүше мемлекеттермен қатар іс-шараға бақылаушы мəртебесіне ие 15 ел мен 18 халықаралық ұйым қатысып отыр.
Жиын барысында төмендегі сұрақтар қарастырылатын болады:
-Еуразия кеңістігінде терроризмді қаржыландыру және ақшаны жылыстатудың типологиялық схемалары, сонымен қатар қылмыстық кірістерді жылыстатумен байланысты қаржылық ағындарды анализдеу;
-ИГИЛ террористік ұйымын қаржыландырумен күресудегі ФАТФ ғаламдық жүйесінің өкілдері қолданылатын жалпы шаралар жиынтығы,сонымен қатар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің сәйкес қарарларын жүзеге асыру;
-ЕАТ мүшесі болуды талап еткен Иранның өтінішін қарастыру.
Айта кетейік, Қазақстан ЕАТ келісіміне қол қойған күннен бері аталмыш пленарлы отырыс елімізде алғаш рет өткізілуде. ЕАТ өз жұмысын 10 маусымда қорытындылайды.
Фото: www.dailynews.kz