Павлодарда «Волга» автокөлігі қазылып тұрған шұңқырға құлап түскен
Павлодарда «Волга» автокөлігі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жерде қазылып тұрған шұңқырға құлап кеткен, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, көлікте 5-6 мас адам болған және олардың бірі аяғын сындырып алған. Аталмыш фактіні облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі растады.
-Шамамен түнгі сағат бірде «Волга» 3110 автокөлігінің жүргізушісі Шөкин көшесі бойындағы 166, 168 үйлердің маңында қазылып тұрған жерге құлаған. Жол-патрульдік полициясының қызметкерлері оқиға орнына келген уақытта көлік ішінде ешкім болмаған. Материал бірыңғай сотқа дейінгі тергеу реестіріне тіркелді. Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша тексеру амалдары жүргізілуде, - деді облытық ІІД жергілікті полиция қызметінің инспекторы Бибол Жұманов.
Абзал Қабдраш
Фото: pavlodarnews.kz.