2050 жылға қарай ҚР-да еңбекке қабілетсіз халық санының артуы болжанып отыр - ДСӘДМ
«Жүргізілген талдаудың нәтижелері бойынша 2050 жылға дейін республикада 65 жастан асқан және 25 жастан кіші халық санының артуы күтілуде. Яғни, еңбекке қабілетсіз халық артады деген сөз. Аталған топ санының артуы еңбекке қабілетсіз жастағы халықтың өсімінен екі есе артық болады», - деді Т.Дүйсенова «Нұр Отан» партиясы фракциясының отырысында. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, мұндай өзгерістер медициналық қызметтерді қолданудың өсуіне алып келеді, ал бұл өз алдына халықтың денсаулығын сақтауға және еңбек ресурстарын сақтауға жаңа тәсілдерді талап етеді.
Сонымен қатар, ведомство басшысы денсаулық сақтау жүйесін дамытудың екі мемлекеттік бағдарламасын (2005-2010 жж. және 2011-2015 жж.) жүзеге асыру нәтижесінде ҚР-дағы күтілетін өмір сүру ұзақтығы 71 жылдан асып, халықтың жалпы өлім-жітімі 15,3%-ға, ана және бала өлім-жітімі - 1,8 есеге төмендегенін айтып өтті.
Фото: newskaz.ru