Лента новостей
0

ҚР-да 6 макроаймаққа арналған инвестициялық бағдарламалар әзірленеді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 10.06.2016 18:44 Zakon.kz
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес алты макроаймаққа арналған инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Республикада бәсекелестік артықшылықтарын ескере отырып, алты макроаймаққа арналған инвестициялық бағдарламалар әзірленеді, деп мәлімдеді ҚР ҰЭМ өңіраралық ынтымақтастық, өңірлерді сараптау және бағалау департаменті директорының орынбасары Жайық Шарабасов өңірлік даму және басқару практикасы мәселелері жөніндегі өңіраралық форум барысында. Бұл туралы primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес алты макроаймаққа арналған инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде», - деді Ж.Шарабасов.

Оның айтуынша, инвестициялық бағдарламалар салыстырмалы түрдегі артықшылықтары негізінде әр макроаймақ үшін инвестициялық басымдықтарды анықтауға, экономикалық өсімнің өңірлік драйверлерін қалыптастыруға, ірі өңірлік бағдарламалардың айналасындағы шағын және орта бизнесті дамытуға, сондай-ақ макроаймақтардың экономикасын әртараптандыру мен импортты алмастыруды қамтамасыз етуге бағытталады.

Департамент басшысының орынбасары, сондай-ақ үш жылдан бері ҚР Ұлттық экономика министрлігі Еуропалық одақтың «Қазақстанның өңірлік дамуы» жобасының командасымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп келе жатқанын айтып өтті. Жобаның мақсаты Қазақстан өңірлеріндегі өмір сүру сапасын арттыру және өңірлік даму тепе-теңдігінне үлес қосу болып табылады. Сонымен қатар, ЕО жобасы орталық және жергілікті атқарушы органдарға өзекті мәселелер бойынша көмек көрсетіп, мемлекеттік басқаруды жетілдіруге жәрдемдеседі.

«Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында министрлік стратегиялық жоспардың жаңа форматын бекітті. Ол стратегиялық және бюджеттік жоспарды өзара үйлестіруге бағытталған. Мемлекет органдардың стратегиялық жоспарлары іс-шара мен бюджеттік жоспар көрсеткіштерінің көп санынан тұратын жүктемеден арылды. Бюджеттік бағдарламалар бір бюджеттік бағдарламада барлық шығыстар жолымен ірілендіріліп, бір нәтиже жетістігіне бағытталды», - деп түсіндірді Ж.Шарабасов.

Ол атқарылған жұмыстың қортындысында мақсатты индикаторлар мен стратегиялық жоспарлар саны үш есеге, дайындалған бюджеттік бағдарлама орталық деңгейде екі есеге қысқарғанын баса айтты. Бұл шаралар әкімшілік бюджеттік бағдарламалардың жылдам әрі тиімді атқарылуына мүмкіндік береді.

Фото: www.sez.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: