Павлодарда үш айлық баланың өліміне қатысты тергеу жүргізілуде
Zakon.kz
Ведомство ақпаратына сүйенсек, бала қайтыс болғанға дейін бір күн бұрын пневмококка жұқпасына қарсы екпе салынған және ешбір аллергиялық белгі байқалмаған.
Павлодарда жұмбақ жағдайда қайтыс болған үш айлық баланың өліміне қатысты тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Мұхамадиеваның айтуынша, сәбидің қайтыс болғанын анасы таңертең төсегінде аңғарып, жедел жәрдем шақырған.
- Сараптама қорытындысы бойынша баланың тыныс алу жолдары жабылып, тұншығып қалған. Нәрестенің неден қайтыс болғанын гистологияның нәтижесі көрсетеді, - деді Махаббат Мұхамадиева.
Ведомство ақпаратына сүйенсек, бала қайтыс болғанға дейін бір күн бұрын пневмококка жұқпасына қарсы екпе салынған және ешбір аллергиялық белгі байқалмаған.
Ақбота Сейсенбаева
Фото:moirody.ru
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript