Лента новостей
0

ҰБТ-де 16,5 мыңнан астам түлек 100 балдан жоғары жинады – ҚР БҒМ

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 14.06.2016 15:46 Zakon.kz
2016 жылдың 2-9 маусым аралығында өткізілген Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) нәтижелері бойынша мүмкін болған 125 балды 19 бітіруші жинады, деп мәлімдейді ҚР БҒМ.

Ведомствоның мәліметінше, тестілеу республиканың барлық облыс және басым көпшілігі аудан орталықтарындағы 165 тестілеуді өткізу пунктерінде өткізілді. Тестілеуге өтініш берген 86999 түлектен 84079 бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде – 61739, орыс тілінде – 22340 бітіруші. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Тестілеудің нәтижесі бойынша шекті 50 баллды 14252 түлек (16,95%), оның ішінде қазақ тілді оқыту бойынша 10267, орыс тілді оқыту бойынша 3985 оқушы жинай алмады. Бес пәннен 100 баллдан жоғары жинаған түлек саны – 16565. Мүмкін болған 125 балды 19 бітіруші жинады», - делінген БҒМ хабарламасында.

Сондай-ақ, тестілеудің жеті күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзған үшін 38 бітіруші тестілеуден шығарылды және нәтижелері жойылды. Тестілеудің барлық 8 күні бойынша Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына барлығы 547 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 141 тест тапсырмасы қанағаттандырылды, яғни жалпы тестілеудің сегіз күнінде қолданған тест тапсырмаларының 0,14%-ын құрайды.

Негізінде бұл апелляциялар қазақ тілі, математика, биология және Қазақстан тарихы пәндерінен болды. Келіп түскен өтініштерді қанағаттандырудың негізгі себебі: әртүрлі авторлардың оқулықтарындағы оқылудың айырмашылығы; техникалық себептер, оның ішінде баспалық қателер.

«Тестілеу аяқталғаннан кейін барлық ҰБТ қатысушыларына пәндер бойынша жинаған балдары көрсетілген сертификаттар берілді. Осы сертификаттың негізінде олар нормативтік құжаттарда белгіленген қажетті ең төменгі баллды жинаған жағдайда жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсуге және білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға құқылы», - деп түсіндірді ҚР БҒМ-де.

Фото: qostanay.tv

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: