Лента новостей
0

Алматыда ресейлік театр және кино актері қайтыс болды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 14.06.2016 16:25 Zakon.kz
Маусымның 13-і күні Алматыда ресейлік театр және кино артисі Дмитрий Мирон 42 жасында қайтыс болды.

Маусымның 13-і күні Алматыда ресейлік театр және кино артисі Дмитрий Мирон 42 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Мәскеудегі продюсерлік орталықтың директоры, белгілі актрисе Ирина Апексимова ТАСС тілшісіне хабарлады, деп жазады egemen.kz.

«Мен бүгін таңертең Алматыдағы ауруханада Диманың қайтыс болғанын білемін. Ол сонда екі жылдан бері жұмыс істеп жүрген еді. Бірақ неде қайтқанының жай-жапсарын толық білмеймін», — деді ол.

Дмитрий Мирон Беларусьте туып-өскен. Минскідегі Владимир Гостюхин жетекшілік ететін киноактерлер гильдиясы жанындағы мектеп-студияда оқылы. Оны 1994 жылы бітіргеннен кейін Дмитри» Мәскеудегі РАТИ-ге түсіп, Владимир Левертовтың шеберханасында шеберлігін шыңдады.

Содан кейінгі жылдары актер Ресей армиясы театрында жұмыс жасады. Осында жүріп, «Маросейка, 12», «Із», «Барвиха-2» секілді сериалдарға,«Гарпастум», «Маусым айындағы қоштасу» секілді бірқатар картиналарға түсті.

Актер 2002 жылдан бастап ұзақ уақыт Ирина Апексимованың продюсерлік орталығында қызмет етіп, онымен бірге бірқатар фильмдерге түсті, Максим Аверинмен бірге жұмыс жасады. Апексимованың ұсынысымен Роман Виктюктің «Кармен» спектаклінде ойнады.

Мұрат Айтқожа

Фото: www.kp.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: