Лента новостей
0

2016 жылы қазақстандық металлургия өсімі 2%-ды құрайды - Ә.Исекешев

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 15.06.2016 20:11 Zakon.kz
Ағымдағы жылдың 5 айында металлургия өнеркәсібі өндірісінің көлемі 8%-ға өсті. Атап айтқанда, қара металлургияда өсім 0,6%-ды құрады.

Республикада 2016 жылдың қорытындысы бойынша металлургияда 2%-дық өсім күтілуде, деп мәлімдеді бүгін «Astana Mining & Metallurgy - АММ 2016» VII Халықаралық тау-кен металлургиялық конгресі барысында ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев. Бұл туралы primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«2016 жылдың қорытындысы бойынша біз металлургиядағы өнеркәсіпте кем дегенде 2%, металлургиялық кен өндіру бойынша 5% өсімді күтудеміз», - деді Ә.Исекешев.

Ағымдағы жылдың 5 айында металлургия өнеркәсібі өндірісінің көлемі 8%-ға өсті. Атап айтқанда, қара металлургияда өсім 0,6%-ды құрады.

Оған қоса, оның айтуынша, ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша металл кендерін өндіру көлемі 1%-ға өскен.

«Өсім Бозшакөл ТБК-нің жобалық қуаттылығына біртіндеп шығуымен және басқа да кәсіпорындардың тұрақты жұмысымен қамтамасыз етілді. Биылғы жылдың көктемінде Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігінен ҚХР мен РФ-на жеткізулерді жаңарту ұстамды оптимизмге негіз бола алады», - деп баса айтты Ә.Исекешев.

Оның мәліметінше, 2015 жылы металлургиялық өнеркәсіп өндірісі көлемі 14%-дан жоғары болды. Министр атап өткендей, өсім көрсеткіштері индустрияландыру бағдарламасының алғашқы бесжылдығында 60-тан астам жобаға шартталған.

«Өндірістің, әсіресе түсті металлургиядағы өндірістің нақты көлемдерінің айтарлықтай артуы байқалуда. Қара металлургияда өндірістің ағымдағы деңгейін - 101% астам сақтау мүмкін болып отыр. «Арселор Миттал Теміртау» өткен жылдың қорытындысы бойынша жоғары апаттылығының кесірінен плюспен шыға алмады, жағдай ферроқорытпалар өндірісінің өсімінің арқасында түзетілді», - деп түсіндірді министр.

Фото:www.inkom-metall.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: