Лента новостей
0

Павлодарда Қытайдан жеткізілген контрабандалық киім тиелген екі контейнер тәркіленді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.06.2016 17:22 Zakon.kz
Павлодарлық № 2 сот бизнесмен Нұрсұлтан Поланды экономикалық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, мүлкін тәркіледі және 500 АЕК көлемінде айыппұл тағайындады.

Павлодар облыстық көлік прокуратурасы Қытайдан жеткізілген ерлер мен әйелдерге, балаларға арналған ішкөйлектер мен джинсы тиелген контрабандалық контейнерді анықтаған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Қадағалау органы хабарлағандай, халық тұтынатын тауар қоймасын бизнесмен басқа атаумен көрсеткен. Алайда прокуратура мүлікті сақтау және тіркеу бойынша заң бұзушылықты әшкерелеген.

- Павлодарлық № 2 сот бизнесмен Нұрсұлтан Поланды экономикалық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, мүлкін тәркіледі және 500 АЕК көлемінде айыппұл тағайындады. Сотпен "Павлодар облысы әділет департаменті" РММ-не құны 422 миллион 416 мың теңге тұратын контрабандалық заттың айналымы туралы мемлекет пайдасына қарай орындау парағы жолданған. Бақылауға алынған аймақта заңдылықты нығайту бойынша жұмыс жалғасуда, - деді көлік прокуратурасында.

Омар Еркін

Фото: pavlodarnews.kz.


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: