Қазақстанда кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеті Хартиясы қабылданды
Бүгін Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ІІІ Съезі барысында оның қатысушылары Қазақстан кәсіпкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеті Хартиясын қабылдады. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан кәсіпкерлерінің жемқорлыққа қарсы іс-әрекеті хартиясы Мемлекет басшысының іскерлік топтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдау құжаты ретінде Съезге бекітуге ұсынылды.
«Хартия отандық бизнеске жемқорлыққа қарсы іс-әрекет тиімді тетігін енгізу ерікті міндетінен басталып, алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге негізделген. Хартия декларациялық құжат емес. Бастысы әлеуметтік-құқықтық саяси тұрғыда іскерлік ортаға қолдау көрсетіп, Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іс-әрекетпен жүзеге асыруға дайындығын білдіреді», - деді ҚР ҰКП басқарма төрағасының кеңесшісі Қайырбек Сүлейменов.
Айтып өтілгендей, Хартия мүшелері кәсіпкерлік қызметті жүргізу барысында заң нормаларын сақтауда өзіне үлкен жауапкершілікті алатын болады.
Оның айтуынша, Хартия кәсіпкерлік қоғамдастықтағы барлық субъектілерді тұрғылықты жеріне, тіркеуде тұрғанына немесе қызмет саласына қарамастан қосылуға ашық.
«Хартияны енгізу Қазақстан кәсіпкерлері қызметінде азаматтық қоғамдастықпен күш біріктіруге мүмкіндік береді және мемлекеттің экономикалық реформаны сәтті жүзеге асыруына ықпал ететінін сеніммен айтып өткім келеді», - деп сендірді Қ.Сүлейменов.
Фото: korolevriamo.ru