Лента новостей
0

Алматыда терроризмге қарсы жұмысқа 23,5 млн теңге бөлінді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.06.2016 17:06 Zakon.kz
23 млн 500 мың теңге экстремизм мен терроризмге қарсы жұмыс жасауға, сондай-ақ ақпаратты жүргізуге 9 млн теңге, семинар-тренингке 8 млн 445 мың теңге бағытталыпты.

Қоғамдық кеңес алдында Алматы қалалық дін істері басқармасы есеп берді. Былтыр мен биыл атқарылған шаруаларын тізбектеген бөлім басшысы бірқатар жұмыстардың атқарылғанын жеткізді. Аталған басқармаға қазынадан 2015 жылы 51 млн теңге бөлінген, деп жазады Алматы телеарнасы.

Соның 23 млн 500 мың теңге экстремизм мен терроризмге қарсы жұмыс жасауға, сондай-ақ ақпаратты жүргізуге 9 млн теңге, семинар-тренингке 8 млн 445 мың теңге бағытталыпты.

"Алматы қаласы бойынша 178 діни бірлестік тіркелген. Олардың ішіндегі 46-сы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қатысты, яғни олардың филиалдары діни басқармасы - муфтиятың филалы ретінде мешіттер. Мешіттердің қызметі қазір Алматы қаласында өте жоғары деңгейде жүргізіліп жатыр",- деді Алматы қаласы Дін істері басқармасының бөлім басшысы Әсет Доскеев.

Бүгінгі отырыс барысында 2016 жылдарға арналған әр түрлі ұсыныстар мен жоспарлар айтылды. Соның бірі діни істерге байланысты фильм түсіру. Ал, дінді дұрыстап насихаттау аясында мекемелерде түрлі дәрістер оқытылмақ екен. Сонымен қатар, Алматы қаласындағы сауда орындарында сатылатын діни әдебиеттер де аз емес. Егер күдік тудыратын кітаптар болса, құқық қорғау мекемелерімен бірлесе отырып арнайы сараптама бөліміне жолдаймыз деді.

Фото: www.go113.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: