1500-ге жуық қазақстандық әскери мамандық бойынша даярлықтан өтеді
Қазақстан Қарулы Күштерінде әскери міндеттілердің жиыны басталды. Олар әскери бөлімдерде білім алып, оны Қарулы Күштердің жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын арттыру мақсатында жетілдіретін болады, деп хабарлайды zakon.kz, ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.
Екі апта бойы жасы қырыққа толмаған жалпы саны 1 500 қазақстандық әскери қызметші әскери бөлімдер мен мекемелерде қызмет етеді. Жиынға шақырылған барлық әскери міндеттілер ҚР Қорғаныс министрлігінің есебінен тамақпен және заттық мүлікпен қамтамасыз етіледі. Бұдан өзге, жиынға шақырылған әскери міндеттілерге барлық кезең үшін және олардың әскери бөлімге дейінгі және кері қайтатын жолы қоса есептелініп, республикалық бюджет есебінен орташа айлық жалақы төленеді, сондай-ақ жұмыс орны, атқаратын лауазымы сақталады.
Жиын аяқталғаннан кейін олар әскери-есеп мамандықтары мен лауазымдарына сәйкес жиынның оқыту бағдарламасы бойынша меңгерген білімдерін растау үшін емтихандар мен сынақтар тапсырады. Бұл жиынға қатысушылар ішінде – запастағы офицерлер, сержанттар мен сарбаздар бар. Жиын барысында әскери міндеттілер қайта даярлықтан өтіп, әскери білімдерін жетілдіреді.
Фото: www.mod.gov.kz