Лента новостей
0

Ақтөбедегі терактіге Интернет арқылы ДАИШ басшысы «тапсырыс» берген

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.06.2016 23:55 Zakon.kz
Сыртқы істер министрі хабарлағандай, қазір Қазақстанның құқық қорғау органдары тиісті жұмыс жұүргізіп жатыр. Жағдай тұрақтанып, өзге елдермен өзара іс-қимыл орнатылған.

2016 жылдың 5 маусымында Ақтөбеде болған террорлық актіге Интернерт арқылы ДАИШ басшылары тапсырған. Бұл туралы бүгін халық алдында есеп берген ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

«Біздің анықтағанымыздай, қасиетті Рамазан айының қарсаңында ДАИШ деп тіркелген топтың Аднани деген басшысы өзінің артынан ергендерге Интернет арқылы зорлық-зомбылық жасауды тапсырған. Бұны құқық қорғау органдары қоғамға түсіндіріп жүр. Мұсылман қауымның қасиетті айы басталайын деп тұрған сәтте адам өлтіруге тапсырыс берген бұл топтың жиіркенішті мақсаты білініп қалды»,-деді Ерлан Ыдырысов.

Сыртқы істер министрі хабарлағандай, қазір Қазақстанның құқық қорғау органдары тиісті жұмыс жүргізіп жатыр. Жағдай тұрақтанып, өзге елдермен өзара іс-қимыл орнатылған.

«Бұндай трагедия енді қайталанбайды деп үміттенеміз. Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен қауіпсіздік кеңесінің отырысында көп тапсырмалар айтылып, маңызды мәселелер қозғалды»,-деді Е.Ыдырысов.

Кенжекей Тоқтамұратқызы

Фото: www.inform.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: