Лента новостей
0

Е.Ыдырысов Қазақстанда салафизмге тыйым салу мәселесіне қатысты ойын білдірді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 21.06.2016 18:50 Zakon.kz
Біз өз елімізде өзіміздің ұстанған саясаттың қадамдарымен жүруіміз керек.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов журналистердің сұрағына жауап бере отырып, Қазақстанда салафизимге тыйым салу мәселесіне қатысты ойын білдірді, деп жазады «Қазақстан» ҰТА.

«Бұл мәселе Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен қауіпсіздік кеңесінің отырысында да қаралды. Құқық қорғау және өзге де органдардың отырыстарында көтерілді. Бұл жерде теориялық діни ағым мен практикалық діни ағымның аражігін ажыратып алу керек. Біздің елімізде дінге қыспақ жоқ, бір дінді кемсіту жоқ. Бірақ, мемлекетіміздің тағы бір принципі қоғамдық қауіпсіздікті сақтау. Ақтөбедегі трагедия осы қауіпсіздік мәселесін қайта көтерді. Әрине, біраз мемлекеттер салафизм ағынында өздерінің теориялық діни көзқарастарын сақтап келеді. Біз оған түсіністікпен қараймыз. Бірақ, біз өз елімізде өзіміздің ұстанған саясаттың қадамдарымен жүруіміз керек. Егер де діннің атын жамылып, Ақтөбедегі сияқты ойына келгенін істесе, мемлекет тиісті шараны қолға алады. Әлем бойынша исламның атын жамылғандар көп. Бірақ, олардың істегені мен айтқаны исламға жат дүниелер», - деді Е.Ыдырысов.

Фото:www.inform.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: