Павлодарлық колонияда жазасын өтеп жатқан 28 жастағы азамат қайтыс болды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 22.06.2016 21:49 Zakon.kz
Қазіргі уақытта аталмыш жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Павлодарда 162/2 АП колониясында жазасын өтеп жатқан 28 жастағы азамат камерада бірге отырған азаматтың қолынан қаза тапты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

- Екі азамат жанжалдасып қалған, салдарынан біріншісі екіншісіне соққы жасаған. Аурухана бөлімшесіне жеткізілген зардап шегуші сол жерде көз жұмған.

Күдікті азамат ұсталды. Қазіргі уақытта аталмыш жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыстық іс бойынша қажетті сараптама тағайындалып, тергеу жалғасуда, - деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінде.

Фото: rusjev.net

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Комментарии (0)
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: