Қарағанды облысы Еркіндік ауылында түйнеме салдарынан төтенше жағдай режимі жарияланды
Қарағанды облысы Еркіндік ауылында түйнеме салдарынан төтенше жағдай режимі жарияланды, деп жазады «Қазақстан» ҰТА.
Тұрғындары түйнеме жұқтырған Қарағанды облысы Шет ауданы Еркіндік ауылында ТЖ режімі енгізілді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Шагурашид Мамалинов мәлімдеді.
«Кеше кешке ТЖ режімі жарияланып, әділет органдарында тіркелді. Қазіргі сәтте Еркіндік ауылына баруға тыйым салынды. Жол полициясының посттары үш бағытқа қойылды. Ауылға шығып-кіруге тыйым салынды», - деді Ш. Мамалинов баспасөз мәслихатында.
Ол Шет ауданындағы жағдай бақылауға алынғаны атап өтті. Еркіндік ауылында ветеринарлық мамандар мен дәрігерлер тобы жұмыс атқаруда. «Барлығы өз нұсқаулығы бойынша жұмыс істеуде», - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.
Ол сондай-ақ ТЖ фактісі бойынша ҚР ҚК 327-бабы 1-бөлімі бойынша сот алды тергеу қозғалғанын атап өтті.
Баспасөз мәслихатында сойылған ауру сиыр етінің алғашқы сынамасының нәтижесімен «түйнеме» расталғаны хабарланды. Енді Ұлттық ветеринария референттік орталығынан нәтиже күтілуде.
Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес 19-21 маусымда облыстық инвекциялық ауруханасына түйнеме жұқтырды деген күдікпен 8 адам жатқызылды. Оның ішінде 10 жастағы бала бар. Екі адам - 33 жастағы әйел мен 49 жастағы ер адам қайтыс болды. Олардың барлығы Шет ауданы Еркіндік ауылының тұрғындары.
Фото: kaztrk.kz