IWF Қазақстан құрамасын 2 лицензиядан айырды
Zakon.kz
Шешім атқару комитетінің Тбилисиде өткен отырысында қабылданған.
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Қазақстан құрамасын бір жылға жарысқа қатысу құқығынан айыруы мүмкін. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Қазақстан құрамасын 2 лицензиядан айырды, деп жазады 24.kz арнасы.
Шешім атқару комитетінің Тбилисиде өткен отырысында қабылданған. Бұған көптен дау туғызған допинг сынамасының түпкі нәтижесі түрткі болып отыр.
Қазақстан құрамасымен қатар Ресей, Әзірбайжан, Қытай, Молдова командалары да екі жолдамадан айырылса, Беларусь, Румыния және Өзбекстан құрамаларынан бір лицензиядан қайтарып алынды.
Еске сала кетейік, Риодағы жазғы Олимпиада ойындары тамыздың 5-21 аралығында өтеді.
Фото:azh.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript