Лента новостей
0

Биыл Павлодар облысында 2500-ге жуық бас ірі қара мал бруцеллезге шалдыққан

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 23.06.2016 22:10 Zakon.kz
Өткен жылы бруцеллезге шалдыққан малдың шығынын өтеу үшін 340 млн теңгеден астам қаржы төленді.

Биыл Павлодар облысында бес айдың ішінде ірі қара малдың 1,1 пайызы бруцеллезге шалдыққан. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 2,4 пайызды құраған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникация қызметінде "Павлодар облысындағы эпизоотиялық жағдай" тақырыбында өткен баспасөз конференциясында ветеринария басқармасының басшысы Нұрлан Әуталіпов мәлім етті.

- 1-маусымдағы жағдай бойынша зерттеу жүргізілген 230 мың мал басының 2400-і, 290 мың ұсақ малдың 159 басы бруцеллезге шалдыққаны анықталды. Аталмыш дерттің орын алуының басты себебі тұрғындардың малды заңсыз тасымалдауы болып табылады. Өңірде қабылданған алдын алу шараларына қарамастан бұл өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Әсіресе, ірі қара бойынша бруцеллезге шалдыққандардың басым бөлігі Качир ауданында (2,3 пайыз), Екібастұзда (1,6 пайыз) және Баянауыл ауданында (1,5 пайыз) тіркелді. Дертке шалдыққан малдардың барлығы "Рубиком", "Ет бастау" және "Ақжар өндірісі" ет өңдеу комбинаттарына тапсырылған, - деді Нұрлан Әуталіпов.

Ведомство басшысының айтуынша, биылғы жылы Май ауданында сауықтыру шаралары жалғасуда. Сондай-ақ ірі қара және ұсақ мал бойынша Лебяжі ауданының Шарбақты, Қызыләскер және Черное ауылдарында шектеу шаралары қойылған. Өткен жылы бруцеллезге шалдыққан малдың шығынын өтеу үшін 340 млн теңгеден астам қаржы төленді.

Оның 50 пайызын мемлекет, 50 пайызын ет өңдеу кәсіпорны өтейді. 2016 жылы бұл мақсатта 159 млн теңге қарастырылған. Бұдан басқа, былтыр ветеринарлық-алдын алу және диагностикалық шараларды жүргізуге 571 млн теңге, үстіміздегі жылы 568,9 млн теңге бөлінген.

Ақбота Сейсенбаева

Фото:content.time.com

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: