Атырауда нәресте сатпақ болған перзетхана қызметкері сотталды
Атырауда сот нәресте сатпақ болған перзентхана қызметкерін күзетпен ұстауға санкция берді, деп хабарлайды Baq.kz, Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Атырау қаласының №2 соты облыстық перзатханада жаңа туған нәрестені сатпақ болған перзентхана қызметкеріне қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді», - деп көрсетілген қалалық сот таратқан ақпаратта.
Тергеу дерегіне сәйкес, баланы тауып, оны шығару қағаздарын дайындап беру үшін күдікті 2500 АҚШ доллар кепілақысын алған.
Еске салсақ, бірнеше күн бұрын перзентхана қызметкері сатып алушыға жаңа туған сәбиді беріп, қалған 2500 АҚШ доллары соммасындағы ақшаны алып жатқан кезде құрықталған болатын.
Тергеу амалдары жалғасуда. Күдікті екі ай мерзімге тергеу изоляторына тоғытылды.
Фото: indonesia-tourism.ru