Лента новостей
0

Белгілі ғалым Өтеген Күмісбаев өмірден озды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 28.06.2016 16:05 Zakon.kz
Ө.Күмісбаевтың 10-нан астам өлең, әңгіме, повесть, ғылыми кітаптары жарық көрді. Өлеңдері орыс тіліне аударылып, Мәскеуде шыққан жинақтарда басылды.

Белгілі шығыстанушы ғалым, профессор, ақын, аудармашы Өтеген Күмісбайұлы Күмісбаев 77 жасында өмірден озды, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

Филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы және Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі Өтеген Күмісбаев Қызылорда облысының Жалағаш ауданында 1939 жылы 20 мамыр күні туған.

Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, КСРО Ғылым академиясының Шығыстану институтын және аспирантурасын бітірген. Еңбек жолын аудандық газетте әдеби қызметкерден бастап, «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болған. Ұзақ жылдар бойы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұстаздық қызмет атқарған.

Ө.Күмісбаевтың 10-нан астам өлең, әңгіме, повесть, ғылыми кітаптары жарық көрді. Өлеңдері орыс тіліне аударылып, Мәскеуде шыққан жинақтарда басылды. Парсы-үнді классигі Әмір Хұсрау Дехлевидің «Жұмақтың сегіз бағы» дастанын түпнұсқасынан, сондай-ақ М.Рыльскийдің «Раушан мен жүзім» өлең-поэмаларын тәржімалады. Ғалымның шығыс әдебиеті мен қазақ әдебиетінің өзара байланысын зерттеуге арналған «Терең тамырлар», «Абай мен Шығыс», «Мұхтар Әуезов және әдебиет әлемі» монографиялары бар.

Фото: inform.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: