Қазақстандық ұшқыштар жалған медициналық анықтама алған
Қазақстандық ұшақ қызметкерлеріне жалған медициналық анықтама берген дәрігерлерге 212 мың теңге айыппұл салынады. Еліміздің авиация саласындағы қауіпсіздікті қатаң қадағалау үшін осындай өзгеріс енгізілуі мүмкін, деп жазады 24.kz арнасы.
Бұл туралы жаңа заң жобасы бүгін Мәжілісте таныстырылды. Жауапты министрлік ұшақ қызметкерлерінің құрамымен бірге оларды тексеретін мамандарды да қатаң бақылауға алмақ. Жалпы қазақстандық ұшақтардағы экипаж мүшелерінің жұмысқа жарамдылығын Мәскеудегі халықаралық ұйым куәландырады. Бірақ 80-нен астам медициналық анықтаманың жалған екені анықталып отыр.
Бекен Сейдахметов, ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы:
-Біздің медициналық қызметкерлер оны байқамаса, ертең ұшқыш оны айтпаса, ертең бәрі әшкере болған кезде, 100 АЕК айыппұл төлейді, екінші рет қайталаса – 200 АЕК.
Фото: total.kz