Алматыда арық желісінің 50 пайызы сын көтермейді - Е. Әукенов
Бүгін Алматы қаласының әкімдігінде қаладағы арық желісінің жай-күйі бойынша тыңдалым өтті. Жауапты тұлғалар қала басшысы Бауыржан Байбекке осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында баяндады, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.
Өз сөзінде қала әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов қалада арық желісін тексеру, түгендеу шарасы 2016 жылдың наурыз-маусым аралығында жүргізілгендігін жеткізді. Күні бүгінге дейін арықтар желісінің 1200 шақырымы инвентаризацияланған. Олардың ішінде 853 шақырымы жол бойында, ал 374 шақырымы аулалар арқылы ағады. Бұған дейін мұндай егжей-тегжейлі сараптама бұдан аттай 50 жыл бұрын жүргізілген екен.
«Бағанашылда бір жол учаскесі болды. Онда еңістеу жер бар. Сол бөктерде кезінде үйлер, сауда үйлері салынып тасталды. Сәйкесінше, жаңбыр жауағанда оларды су басады. Құрылыс барысында кейбіреулер арықтар мен су ағатын жылғалар жауылып тасталды. Бұл жерде қала кеңесі, сәулет және қала құрылысы басқармасы, мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасы жауапты. Енді, тағы да түгендеу жұмыстарын жүргізу қажет. Соңғы рет мұндай шара бұдан 50 жыл бұрын жасалыпты. Мен әркім өз учаскесін ретке келтіруі керек деп санаймын. Егер бюджет арқылы жасайтын болсақ, бұған көп уақыт кетеді. Меніңше жұмысты бөлу керек. Қалаға қарасты жерлер қала бюджеті арқылы жасалады. Ең бастысы тұрғын үйлерді су басуына жол беруге болмайды», - деді Б. Байбек.
А. Әукенов қаладағы арық желісінің 50 пайызы қанағаттанарлықсыз күйде екендігін атап өтті.
«Бұл жерде басты мәселе - жеке тұрғын үйлерде болып тұр. Оларды салғанда климаттық жағдайдың өзгеруі ескерілмеген. Соңғы күндері жаңбырдың бір айлық мөлшері жауды. Біз енді су басатын жерлер арқылы арық желісін тартатын боламыз», - деді қала әкімінің орынбасары.
Оның айтуынша, осы аптада жаңа арық желілерін салу жұмыстары басталды. Одан басқа, су ағатын жыралар жүйесі тексеріледі. Содан кейін барып, оларды қалпына келтіруге қатысты қажетті қаржы есептеледі.
«Су ағатын құбырларды қайта жаңғыртудың екі жолы бар. Біріншісі жол жол арқылы өтеді. Бізде жекелеген учаскелерер болмаса, ондай құбырлар жоқ. Екіншісі, жер асты арқылы өтеді. Біздің мақсатымыз - арық желісіне түсетін салмақты азайту. Сол үшін су құбырларын бірыңғай желіге біріктіруіміз қажет. Әйтпесе су басу оқиғалары қайталануы мүмкін. Болашақта жаңа нысандарды салу барысында арық және су құбырларын салу жұмыстары қатаң тексеріледі», - деді Е. Әукенов.
Айбота Жаппарберген
Фото: i-azamat.kz