Лента новостей
0

Жасөспірімдер арасында ерте жүктілік белең алып барады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 04.07.2016 19:35 Zakon.kz
Ерте жүкті болғандардың арасында жоғары сынып оқушылары да бар. Тіпті, 10 жасар баланы күштеп жыныстық қатынасқа тарту фактісі де тіркелген.

Көкшетауда кәмелет жасына толмаған қыздардың жүкті болып қалу фактісі көбейген. Олардың көпшілігі қаладағы орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқиды. Бұл жайында Көкшетау қалалық әкімдігі жанындағы жасөспірімдер ісі және олардың құқығын қорғау мен заң бұзушылықтардың алдын алу комиссиясының отырысында айтылды, деп хабарлайды BNews.kz.

Ерте жүкті болғандардың арасында жоғары сынып оқушылары да бар. Тіпті, 10 жасар баланы күштеп жыныстық қатынасқа тарту фактісі де тіркелген. Кәмелет жасына толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстардың артуы құқық қорғау органдарын да алаңдатып отыр.

«Алдағы уақытта колледж басшыларымен, оқытушыларымен тығыз жұмыс істеу қажет. Әсіресе, ауылдан қалаға оқуға кетіп, еркін өмірге араласқан жастарға қырағы көзқарас қажет», – дейді Көкшетау қалалық ювеналды полиция бөлімінің басшысы, полиция майоры Әділбек Салықов.

Жыл басынан бері Көкшетауда өз-өзіне қол жұмсаудың 3 фактісі тіркелген. Оның біреуі жасөспірімге қатысты. Өз өмірін қиюдың басты себептері – ата-анасымен келіспеушілік, махаббатқа алдану.

Жақында Көкшетау қаласындағы қаңғыбас балаларды уақытша оқшаулайтын орталықтан үш жасөспірім қашып кеткені белгілі. Арнаулы орыннан олардың қалай шығып кеткені әлі жұмбақ күйде қалып отыр. Бейнебақылау камераларына да түспеген, күзетшілер де ештеңені байқамаған. Бейімдеу орталығынан полиция бөлімшесіне оқиға болғаннан кейін екі сағат өткен соң ғана хабар келген.

«Қиын балалармен» жұмысты күшейту керек. Оларды үйірмелерге көптеп тарту қажет. Әсіресе, үйлерінде бос жүрген балаларға қырағы көзқарас қажет», – дейді Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары, ведомствоаралық комиссияның төрайымы Алтынай Әміренова.

Биыл қала бойынша 23 мектептің жанында лагерьлер, 115 үйірме мен 41 спорт секциясы жұмыс істеп тұр. «Чайка», «Звездный» лагерьлерінде тұрмысы төмен отбасылардың балаларын сауықтыру шаралары жалғасады.

Фото: vk.com

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: