БҚО-да уақытша тергеу абақтысынан екі тұтқын қашып кетті
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша тергеу абақтысынан екі тұтқын қашып кетті, деп жазады 24.kz телеарнасы.
1991 жылы туған Г.М.Шестопалов пен 1996 жылы туған П.В.Черный бүгін сағат 02:30 шамасында мекеменің апаттық шығу бөлігі арқылы қашып кеткені анықталып отыр. Осыған байланысты қазір Қылмыстық кодекстің 426-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Облыс прокурорының аға көмекшісі Тимурлан Исмайлбаевтың хабарлауынша, П.В.Черный ұрлық және алаяқтық әрекеттерін жасады деген айып тағылса, Шестопалов қарақшылық жасағаны үшін қамауға алынған. Соңғысы бүгін Ақсай қаласындағы №10 шағынаудан аумағында қолға түсті. Ал П.В.Черныйға іздеу жарияланды.
Талғат Серікқалиұлы
Фото: vistanews.ru