41 жастағы екібастұздық саябақта тауып алған қаруы үшін айыппұл төлейді
Екібістұз қаласының 41 жастағы тұрғыны жарамсыз газды револьверді заңсыз сақтағаны үшін сот шешімі бойынша 40 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Істің материалдарына сәйкес полиция қызметкерлері Виталий Максимовты 2015 жылдың қазан айында түнгі уақытта «Кюрдамир» дәмханасының маңында ұстаған. Тексеріс барысында ер адамнан 9 мм калибрлі «ME 38 Compact» таңбалы бір оғы бар газды револьвер алынды. Виталийде қаруды сақтауға рұқсат ететін құжаттары болған жоқ. Сараптама нәтижесінде қару жарамсыз екені анықталды. Сот алдында Виталий Максимов өз кінәсін мойындады. Оның айтуынша ол қаруды «Ауғандар» саябағында тауып, өзіне қалдырған. Ал дәмханаға қандай себеппен қарумен келгенін айтқан жоқ.
- Екібастұз қаласының мамандырылған әкімшілік соты Максимовты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР 482 бабы бойынша айыпты деп танып, 20 АЕК-42420 теңге айыппұл салып, қаруды тәркілеуді шешкен. Қаулы заңды күшіне енді, - деді облыстық соттың ақпаратпен қамту бөлімінің жетекшісі Жанар Жұматаева.
Фариза Қазыбекқызы
Фото: pavlodarnews.kz.