Лента новостей
0

"Ислам мемлекеті" Ниццадағы теракті үшін жауапкершілікті өз мойнына алды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.07.2016 17:36 Zakon.kz
Париж прокуратурасы терактіні Ниццаның 31 жастағы тұрғыны Мохамед Лахуайедж Бухлельдің жасағанын растады.

"Ислам мемлекеті" 80 адам құрбан болған франциялық Ниццадағы теракті үшін жауапкершілікті өз мойнына алды, деп хабарлайды «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ АА», "Аль-Джазира" телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Телеарнаның хабарлауынша, лаңкестер бұл туралы өздерінің БАҚ-тары арқылы жеткізген.

Еске сала кетсек, 14 шілдеде Ницца қаласында теракт орын алды. Бейсенбіде кешке англиялық Ницца жағалауында жүк көлігі Бастилияны азат ету күнін мерекелеп жүрген бір топ адамды қағып, жаншып өткен.Куәгерлердің мәліметінше, жүк көлігі зигзаг қозғалысымен тоқтамай, жағалауда екі шақырымға жуық жерде адамдарды басып-жаншып өтті. Бастапқы дерек бойынша, шабуылдан кемінде 84 адам қаза тапты, 40-қа жуық адам жарақат алып, ауыр халде жатыр.

Полиция лаңкестің көзін жойды. Париж прокуратурасы терактіні Ниццаның 31 жастағы тұрғыны Мохамед Лахуайедж Бухлельдің жасағанын растады.

Фото: ria.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: