Павлодарда әуежайға барар жолда мотоцикл жүргізушісі автобуспен қақтығысты
Zakon.kz
Алған жарақаттар салдарынан мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
Павлодарда әуежайға барар жолда 26 жастағы мотоцикл жүргізушісі автобуспен қақтығысып, мерт болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
ІІД-нің баспасөз қызметі агентікке мәлім еткендей «Suzuki» мотоциклі жоғары жылдамдықпен келе жатып, «МАЗ» маркалы автобуспен қақтығысқан. Алған жарақаттар салдарынан мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
- Қазіргі уақытта ҚР ҚК 435 бабы 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу мен сараптама жүргізілуде, - деді баспасөз қызметінде.
Фото: today.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript