Лента новостей
0

Алматы полицейлері біркүндік еңбекақыларын оққа ұшқан әріптестерінің отбасына аударады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 19.07.2016 16:57 Zakon.kz
ҚР «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 67-бабында өз міндетін орындауда қаза тапқан қызметкерді жерлеу шығындарына да өтемақы қарастырылған.

Алматы гарнизонының полиция қызметкерлері Руслан Күлекбаевтың заңға қайшы әрекетінен қаза тапқан әріптестерінің отбасына біркүндік еңбекақыларын аударады, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

«ҚР «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 66-бабында қызметкерлер қайтыс болған жағдайдағы кепілдіктер қарастырылған. Осылайша, тәртіп сақшысы өз міндетін орындауда мерт болса немесе қызметтік міндетін орындауда жарақат алып, жұмыстан шығуға тура келсе, асыраушысына немесе мұрагеріне соңғы лауазымындағы жалақының алты айлық мөлшері көлемінде біржолғы өтемақы төленеді. Және ҚР «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 67-бабында өз міндетін орындауда қаза тапқан қызметкерді жерлеу шығындарына да өтемақы қарастырылған. Бұл жағдайда үш айлық жалақы көлеміндегі өтемақы, ал зейнеткерлерге - үш айлық зейнетақы көлеміндегі өтемақы төленеді», - деп хабарлады Алматы ІІД ресми өкілі, полиция майоры Салтанат Әзірбек.

Оққа ұшқан полиция қызметкерлері туралы ақпарат:

- Полиция капитаны Нұрмаханбетов Бауыржан Мәлікұлы, ІД ӘПБ жол-патрульдік полициясының қауіпсіздік қызметінің аға инспекторы, 28.03.1988 ж.т. Ішкі істер органдарында 22.12.2011 жылдан бері жұмыс істеген. Отбасылық жағдайы: үйленген, бір қызы бар.

- Кіші полиция сержанты Сәлімбаев Мақсат Қолғанатұлы, ІІД ЖПҚ ЖПП полкінің полицейі, 02.11.1991 ж.т. Ішкі істер органдарында 15.11.2013 жылдан бері еңбек еткен. Отбасылық жағдайы: үйленген, бір қызы бар.

- Полиция старшинасы Ғалиев Аян Ерболғанұлы, Алматы қалалық МКҚБ ММ полициясы 2-ші батальон полицейі, 18.04.1974 ж.т. Ішкі істер органдарында 30.01.1997 жылдан бері жұмыс істеген. Отбасылық жағдайы: үйленген, екі қызы бар.

Фото: astana.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: