Лента новостей
0

Қызылордада екі бірдей үшем өмірге келді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 19.07.2016 19:21 Zakon.kz
Үшемнің бірі – кіл қыздар болса, екіншісі – шекесі торсықтай ұлдар.

Қызылорда облыстық ана мен бала орталығында дәрігерлер екі үшемді аман-есен тудырды, деп хабарлайды BNews.kz.

Үшемнің бірі – кіл қыздар болса, екіншісі – шекесі торсықтай ұлдар.

«Ұл сүйсем деп армандадым. Сөйтіп, бірден үш ұлды болдым», – дейді балаларына Ерасыл, Нұрасыл, Жанасыл деп есім берген ана Салтанат Қарбоз.

Салтанаттың бұған дейін бір қызы бар. Ал Байқоңырдың тұрғыны Гүлзира Шағатаеваның өмірге келген үш қызы – тұңғыштары.

«Ләйла, Әмина және Алина шала туды. Қыздар да, анасы Гүлзира да дәрігерлердің жіті бақылауында болды. Қазір жағдайлары жақсы, сәбилер тамақтанып, күш жинап келеді», – деді «Ана мен бала» орталығының бас дәрігері Гүлнәр Жұмашева.

Орталықтың дәрігерлері үшін аман-есен өмірге келген әрбір сәби – үлкен қуаныш.

«Әрбір бала – елдің ертеңгі болашағы. Оның өмірге келуіне себепкер болған, қолдау жасаған адамдардың еңбегі құрметке лайық», – деп атап өтті Гүлнар Хамзеқызы.

Айта кетейік, 2015 жылдан бері іске асырылып жатқан «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында Қызылорда облысында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру жылына 34 млрд теңгеге дейін өсті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының айтуынша, осының арқасында аймақта ана мен бала өлімі күрт азайды. Аудандарда тұратын жүктілігінде кінәраты бар екі қабат әйелдерді емдеу үшін облыста заманауи ана мен бала орталығы салынды. Былтыр орталықта босанудан соң оңалту орталығы ашылды. Бұл ана өлімі көрсеткішін төмендетуге мүмкіндік берді.

Фото: BNews.kz.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: