Лента новостей
0

Ақмола облысында терроризмге қарсы күрес комиссиясының кезекті отырысы өтті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 19.07.2016 23:49 Zakon.kz
Ақтөбе және Алматы қалаларында орын алған соңғы оқиғаларға байланысты террорлық әрекетке қорғанысы осал нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды.

Аймақ басшысы С.Кулагиннің төрағалығымен облыс әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы күрес комиссиясының кезекті отырысы өтті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

Отырысқа құқық қорғау және жергілікті атқару органдарының өкілдері, аудандар мен қала әкімдері, үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары қатысты.

Басқосу барысында аудандардың (қалалардың) терроризмге қарсы күрес комиссияларының қызметтері мен олардың терроризмнің алдын-алудағы рөлі қаралды.

Ақтөбе және Алматы қалаларында орын алған соңғы оқиғаларға байланысты террорлық әрекетке қорғанысы осал нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралып, ТҚО нысандар тізімдемесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік орган басшылары мен аудан, қала әкімдеріне терроризмнің алдын-алу бойынша қызмет тиімділігін арттыратын нақты тапсырмалар беріліп, хаттамалық шешім қабылданды.

Аслан Оспанов

Фото: inform.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: