Лента новостей
0

ШҚО-да панты өндірісі туристерді тартуда

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 21.07.2016 15:27 Zakon.kz
Осыдан 22 жыл бұрын шаруашылықта мүйізді жануарлардың 150-і болған. Мемлекет бөлген субсиядалардың көмегімен кәсіпкерлердің ісі өрге басқан. Бүгінде бұл жердегі марал басы мыңнан асады.

Шығыс Қазақстандағы Қатонқарағай ауданында қазір панты өндіру науқаны қызып тұр. Өйткені маралдың мүйізінен емдік қасиеті жоғары, сапалы қан алу маусым мен шілде айларында ғана жүргізіледі. Сондықтан «жаздың екі айы бір жылға азық» дейді шаруалар. Оған қоса, осы мезгілде жан-жақтан ағылған туристер саны да артады, деп жазады 24.kz арнасы.

Олардың арасында шетелдіктер де бар. Қатонқарағайдағы марал шаруашылығында қазір әрбір сағат қымбат. Күн сайын маралдардың мүйізінен алу жұмыстары жүргізіледі. Емдік қасиеті жоғары панты алу үшін маусым-шілде айлары ыңғайлы.

Тоқтарбай Дәулетбаев – өз ісінің маманы. Марал шаруашылығымен 43 жыл бойы айналысып келеді. Кезінде Ресейдің Алтай аймағына барып осы кәсіпті арнайы оқып келген ол бүгінде панты өндірісін бес саусағындай біледі.

Тоқтарбай Дәулетбаев, панты өндірісі бойынша маман:

- Панты алудың өз талаптары бар. Мүйіздер өсіп кетпеуі керек. Нағыз керек мөлшерін бақылап біліп, сол мезетте кесу жұмыстарын жүргізу қажет. Сондықтан осы маусым мен шілде айларында біз үшін тынымсыз тірлік басталады. Осы екі ай бүкіл қыс бойы азық болады деуге де болады. Туристер көбіне панты қосылған ваннаға түсу үшін келеді. Қазақстанның өзге өңірлерінен бөлек, Украина,Польша,Чехия сияқты шет елдерден келушілер жиі кездеседі. Татарстаннан келген Азат Хакім осымен 5-жыл ем қабылдап жатыр.

Өңірге жыл сайын қонақтап келетін шетелдік Қазақстанға келуді алдын ала жоспарлап қоятынын айтты.

Азат Хакім, cаяхатшы:

- Менен «Ресейдің Алтай аймағына барып неге демалмайсың?» деп сұрайтындар көп. Өйткені бұл жақта менің қазақ достарым өте көп. Тіпті жаз сайын бас қосатын өз ортамыз бар. Табиғат аясында демалып, ағзамызға шипалы ем қабылдаймыз. Мұндағы қызмет көрсету сапасы маған өте ұнайды. Үйіме келгендей сезімде боламын. Осы емделгенім маған жыл бойы жетеді. Қазір ауру-сырқау дегенді мүлдем ұмыттым.

«Марал шаруашылығын басқарып-ұйымдастыру машақаты көп, ауыр жұмыс», - дейді осы істің басы-қасында жүргендер. Сондықтан шыдамдылық пен еңбекқорлық болмаса, төгілген тер де зая кетеді.

Қапия Байғонысова, кәсіпкер:

- Марал өсіру жеңіл жұмыс емес, оларды қазірден бастап қысқа дайындап жатыр. Шөп шабады, сұлы береді, маралдардың қаны ауысу үшін жыл сайын басқа жақтан марал сатып әкелінеді.

Осыдан 22 жыл бұрын шаруашылықта мүйізді жануарлардың 150-і болған. Мемлекет бөлген субсиядалардың көмегімен кәсіпкерлердің ісі өрге басқан. Бүгінде бұл жердегі марал басы мыңнан асады.

Авторлары: Э.Ахметова, А.Төлепов

Фото: izumrudniy.altay.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: