Лента новостей
0

Қазақстанда сиреп кеткен жануарлар фотоқақпанға түсті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 21.07.2016 19:00 Zakon.kz
Маусым айының аяғында видеобақылаудың нәтижесін тексерген ресейлік мамандар бақылау нәтижесінің көңілден шыққанын айтуда.

Шығыс Қазақстандағы таулы өңірлерге қойылған фотоқақпандарға бірқатар сирек аңдар ілінген, – деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі YK-news.kz.-ке сілтеме жасап.

Күршім және Зайсан аудандарының таулы мекендерінде қойылған камераларға мәлін, арқар және қасқыр қатарлы Қазақстанда сиреп кеткен жануарлар түсіп қалған. Бұл фотоқақпандарды өткен жылы новосібірлік «Сибэкоцентр» қоғамдық бірлестігі орнатқан. «Сибэкоцентрдің» далалық экожүйелерді зерттеумен айналысатыны облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының сайтында жазылған.

Маусым айының аяғында видеобақылаудың нәтижесін тексерген ресейлік мамандар бақылау нәтижесінің көңілден шыққанын айтуда.

«Фотокадрлардың біріне мәлін ілінгенқ. Бұл аталмыш жануардың әлі де өзіне үйреншікті мекенінде өмір сүріп келе жатқанын дәлелдейді. «Сибэкоцентр» қызметкерлері біздің даламызды Ресеймен, Моңғолиямен салыстырып, Аягөз, Абай, Тарбағатай, Күршім аудандарындағы далалық жыртқыш құстар мен мәліндердің анағұрлым жақсы экологиялық ортада өмір сүріп жатқандығын айтты» - деп жазылған табиғи ресурстар басқармасында.

Бұл шара алдағы жылы да өз жалғасын табады.


Фото: www.yk-news.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: