Лента новостей
0

Қарағандыда екі такси жүргізушісін алаяқ алдап кеткен

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 22.07.2016 20:01 Zakon.kz
Полиция қызметкерлері күдіктіні табу шараларын жүргізуде және зардап шеккендер саны екеуден де көп болуы мүмкін дейді.

Қарағанды қаласында алаяқ екі такси жүргізушісін алдап, әрқайсысынан 10 мың теңге жымқырып әкеткен. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

«Полиция бөліміне такси қызметін көрсететін екі ер адам шағым түсірді. Жалған клиент екеуін де бір сценариймен алдаған. Оларға ер адам хабарласып, такси шақырған және жолдан букмекер шотына 10 мың теңге салуды өтініп, көлік келгенде алып шығатынын айтқан. Такси жүргізушілері өтінішін орындаған, алайда клиент үйінен шықпай, телефонын өшіріп тастаған», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша материалдар ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлімі («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Полиция қызметкерлері күдіктіні табу шараларын жүргізуде және зардап шеккендер саны екеуден де көп болуы мүмкін дейді.

Тәртіп сақшылары азаматтарды мұқият сақ болуға, түрлі айла-әрекетке алданып қалмауға және күдікті жағдайда дереу полиция хабарласуға кеңес береді.

Фото: www.inform.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: