Шымкент тұрғыны 3 келі есірткімен ұсталды
Шымкенттің тәртіп сақшылары 3 келі есірткі алып жүрген қала тұрғынын қолға түсірді. Күдіктіні есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы мен қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен жедел іздестіру іс-шаралары барысында Ынтымақ ауылы аумағында ұстаған, деп жазады otyrar.kz.
Тексеру жұмыстары кезінде полицейлер 38 жастағы азаматтан бір қап өсімдік тектес есірткі затын тәркіледі.
Сот-криминалистикалық сараптама қорытындысына сай, табылған есірткі затының жалпы салмағы 3 келіден астам марихуана екені анықталды.
Аталған жайт бойынша қылмысты кодекстің 296-бабымен (есірткі, псхотроптық заттармен, сол текстестермен, прекусорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) іс қозғалды. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Фото: otyrar.kz.