Лента новостей
0

Қазақстанда алдағы үш күнде бұршақ пен жаңбыр жауады деп күтіледі

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 27.07.2016 19:51 Zakon.kz
Синоптиктер Қазақстанда 28-30 шілдеде бұршақ пен жаңбыр жауады деп болжайды, деп хабарлайды "Қазгидромет"метео қызметі.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның оңтүстік бөлігіне Иран аудандарынан тропикалық ыстық ауа, ал солтүстік бөлікке Ресейдің еуропалық және Урал аудандарынан ылғалды және суық ауа келуде, деп жазады Қазақстан жаңалықтары АА.

Сонымен қатар атмосфералық фронттар күрделеніп, республикамыздың басым аумағында жаңбыр, кей жерлерде қатты тропикалық дерлік нөсер күтіледі.

"Міне, алдағы үш тәулікте де синоптикалық процесстерде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Сондықтан да ауа-райында әлі де жиі жауған жаңбыр, кей жерлерде найзағайлы нөсер, бұршақ, температура климаттық нормадан 2-4ºС. төмен болмақ", — делінген хабарламада.

Қазгидрометтің мәліметтеріне сәйкес, тек қана батыста жауын-шашын тоқтап, температура климаттық нормаға дейін көтеріледі.

Фото: news.bigmir.net

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: