Лента новостей
0

Шымкентте жүргізуші бір топ адамды қағып кетті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 28.07.2016 23:34 Zakon.kz
Шымкентте көлік жүргізушісі бір топ адамды қағып кетті. Соның салдарынан екі адам мерт болды, деп хабарлайды ОҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Шымкентте жүргізуші бір топ адамды қағып кетті28 шілде күні сағат 7 шамасында полиция бөліміне Шымкентке қарасты Тоғыстағы көшелердің бірінде жол-көлік оқиғасы болғаны жайлы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлерінің анықтағаны, 1996 жылы туған Төлеби ауданының тұрғыны Мерседес автокөлігімен Леңгір қаласына бет алып келе жатқан кезінде көліктің рөлін игере алмай, автобус аялдамасында тұрған бір топ жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп жазады otyrar.kz.

Соның салдарынан екі жүргінші — 50 жастағы әйел мен 39 жастағы азамат алған ауыр ден жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды. Ал 32, 30 және 24 жастағы үш адам түрлі дене жарақаттарымен Шымкент қалалық ауруханасына жеткізілген. Екеуі дәрігерлердің қарауынан кейін үйлеріне қайтарылды.

Аталған жайт сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, қылмысты кодекстің 345-бабының 4-тармағына сәйкес (көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет) іс қозғалды.

Мерседес көлігінің жүргізушісі өз кінәсын толығымен мойындап отыр. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Автокөлік айып тұрағына жеткізілді. Сараптамалар тағайындалып, тергеу-тексеру жалғасуда.

Фото: vestipmr.info

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: