Лента новостей
0

Қарт кісіні тонаған жігіт сотталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 29.07.2016 00:12 Zakon.kz
Ауруханаға барған полицейлер түн ішінде 20-25 жас шамасындағы мас жігіттің 65 жастағы жәбірленушінің үйіне баса-көктеп кіріп, күш қолданып, ұрып-соққанын анықтайды.

Оңтүстікте зейнеткер кісіні тонаған адам сотталды. Оқиға 2016 жылдың сәуір айында болған. Көктемде Мақтаарал аудандық ішкі істер бөлімінің кезекшісіне аудандық ауруханаға 1951 жылы туған жергілікті тұрғын дене жарақаттарымен түскені туралы хабар келген, деп жазады otyrar.kz.

Ауруханаға барған полицейлер түн ішінде 20-25 жас шамасындағы мас жігіттің 65 жастағы жәбірленушінің үйіне баса-көктеп кіріп, күш қолданып, ұрып-соққанын анықтайды. Содан соң қарақшы әжейдің 50 мың теңгесін алып, кетіп қалған.

Бұл жайт бойынша қылмысты кодекстің 191-бабымен (тонау) іс қозғалды. Тәртіп сақшыларының жедел іздестіруі барысында қылмысқа күдікті ретінде 22 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған. Одан ұрланған ақшаның бір бөлігі айғақ зат ретінде тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аяқталған соң тергеушілері қылмысты істі соңғы айыптау қорытындысымен процессуалды шешім қабылдау үшін аудандық сотқа жолдаған. Ал сот 22 жастағы күдіктіні 3 жыл бас бостандығынан шартты айыру жазасына кесті.

Фото:otyrar.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: