Лента новостей
0

Лаңкестіктік шабуыл жасағандардың қамаудағы уақыты 4 айға созылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 29.07.2016 16:58 Zakon.kz
Ақтөбедегі лаңкестік оқиға кезінде күдіктілер алдымен қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге шабуыл жасаған. Қаладағы террористік шабуыл кезінде 18 экстремистің көзі жойылып, тоғыз адам ұсталды.

Ақтөбедегі лаңкестікті ұйымдастырғандарды қамауға алу уақыты 4 айға созылды. Барлығы 9 күдіктіге қатысты тергеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Bnews.kz.

«5 маусым күні Ақтөбедегі лаңкестік актіні жасады деген күдікпен Арсен Таңатаров, Асхат Иманғалиев, Бақыт Қуанышбаев, Жаңабай Қуанышбаев, Әнуар Садықов, Азамат Әбдірахманов, Айдос Жұбанов, Әлібек Ақпанбетов, Асхат Рахметов қамауда отыр. Бұған дейін күдіктілерді 2 айға қамау туралы санкция берілген болатын. Сот шешімімен тергеу абақтысында ұстау уақыты 4 айға созылды»,- деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Ақтөбедегі лаңкестік оқиға кезінде күдіктілер алдымен қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге шабуыл жасаған. Қаладағы террористік шабуыл кезінде 18 экстремистің көзі жойылып, тоғыз адам ұсталды.

Еске салсақ, тұтқындалғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық кодекстің «Терроризм ісі» бабының төртінші тармағы бойынша мүлкін тәркілеп, 15 жылдан 20 жылға дейін және өмір бойы бас бостандығынан айыру, сонымен қатар, өлім жазасы тағайындалған. Елімізде өлім жазасына мораторий жарияланған. Өңірдегі лаңкестік оқиғадан кейін парламент қыркүйек айында заңды қайта қарап, жазаны күшейтуді көздеп отыр.

Фото: today.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: